Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендер қандай жаза арқалауы мүмкін?

1542
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде қазақ үйде жартылай жалаңаш билеген жігіт пен екі қыздың бейнесі көптің ашуына тиіп, қоғамдық резонанс тудырған болатын. Жастардың қалай жазаланатыны туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Киіз үйде өкшелі аяқ киім мен ашық киінгендерді жазалау туралы Самат Мұсабаев құзырлы органға өтініш жолдаған.

Бейненің Алматы облысының Қарасай ауданында түсірілгені анықталды.

“2024 жылы 1 шілдеде Қарасай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады Бас прокурор Берік Асылов.

Аталған бап бойынша егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе оларға жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, жартылай жалаңаштанған бишілердің ниетін бір бейне арқылы анықтау мүмкін емес екен.

Пікірлер