Журналист Айдос Садықов Киевте қайтыс болды

2482
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық журналист, «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садық көз жұмды. Бұл туралы оның жұбайы Наталья айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Журналистке 18 маусымда Киевте оқ атып, қастандық жасаған еді. Содан бері ол ауруханада жатты. Әйелінің айтуынша, Киев уақыты бойынша 2 шілде сағат 3-те ол жан тапсырды.

“Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, қанішерлердің қолынан шейіт болды. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып нәрсе болмады. Оның өлімі Тоқаевтың ұятында”, – деді Айдос Садықтың әйелі Наталья Садық.

Айта кетсек, Айдос Садықов пен оның әйелі журналист, 2014 жылдан бері Украинада тұрады және босқын мәртебесіне ие. Онда ерлі-зайыптылар 1 миллионнан астам жазылушысы бар Бәсе оппозициялық YouTube арнасын ашты.

Пікірлер