БЕЙБІТ САПАРАЛЫ: Нота Әнуарұлының аты әлемге әйгілі қандастармен қатар аталады

1249
Adyrna.kz Telegram
Сурет: 24.kz
Сурет: 24.kz

Көрші Моңғолиядан қаралы хабар келіп жетті. Сексен жасқа қараған шағында Нота ағамыз бен Бану жеңгей жол апатынан қайтыс болыпты.

Ғажайып нейрохирург Нота қажымен ең алғаш 1993 жылы мамырда Ұлан-Батырда танысып едік.

Моңғол Ұлттық университетінің проректоры Мизамхан мырзамен бірге үшеуіміз Налайхадағы көне түркінің Төныкөк ескерткішіне зияратқа барып қайтқан сапар естен кетпейді. Қайтар жолда қойшы қазақтың киіз үйінде қонақ болған сәттер тіптен керемет еді.

Жаһанға белгілі маман-дәрігер, мықты қазақ, өнегелі мұсылман, жомарт жан Нота қажы мен Бану жеңгейдің мәңгілік мекені жәннат болсын! Қазақ елі де Нота марқұмның есімі мен ісін ешқашан ұмытпақ емес!

Нота Әнуарұлы аты Аман Төлеев, Мұстафа Өзтүрік, Әнуарбек Жүнісов, Мизамхан Күнтуғанұлы т.б. әлемге әйгілі қазақ қандастарымыздың есімдерімен қатар аталатындығында еш шүбә келтірмейміз!

 

Beibit Saparaly

 

 

Пікірлер