БҚО-да «Түркі әлемі: рухани-мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» халықаралық конференциясы өтті

682
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ІІІ Ұлттық Құрылтайда берілген тарихи сана қалыптастыру бағытындағы тапсырмалары аясында Батыс Қазақстан облысында «Түркі әлемі: рухани-мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты – түбі түркі халықтардың арасында рухани-мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңі аясында интеграциялық процесстерді күшейту, экономикалық байланыс орнату, әлемдік өркениеттің дамуына түркі әлемінің өз үлесін қосу.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов алғы сөзінде шет елдерден келген қонақтарға жылы лебізін жеткізіп, конференцияның тақырыбының маңыздылығын келесі оймен білдірді: - «Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев түркі әлемін ХХІ ғасырдың аса маңызды экономикалық, мәдени және гуманитарлық өңірлерінің біріне айналдыруды көздейтінімізді   2023 жылы Астана қаласында өткен Түркі Мемлекетерінің Ұйымының     X Саммитінде атап өтіп, «түркі әлемі» - деген ұғымды брендке айналдыруды тапсырғаны баршамызға мәлім. Түрлі елдер мен өңірлерді мекен еткен 175 миллион түркінің тағдыры мықты мәдени бірегейлігінің арқасында тарих толқынында адаспай, жаһандану заманында алға қадам басуға мүмкіндік алды. ТҮРІКПА, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы мен Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қажырлы еңбегі Түркі кеңесін беделді ұйымға, «түркі әлемі» ұғымын көпшілік мойындаған халықаралық дискурсқа айналса, қазырғы танда түркі әлемі рухани-мәдени ынтымақтастығының жаңа кезеңі басталды десек болады».

Іс-шараға Алматы қаласынан филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық «Қазақ тілі» академиясы мен Халықаралық түркітану орталығының Президенті Ерден Қажыбек, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Дәстүрлі мәдениет орталығының меңгерушісі, пофессор Қадырәлі Қонқабаев, Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстанның ауыл шаруашылығы және агротехнология институтының гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Бекімбетов, Башқұртстан Республикасының Ғылым академиясының бас ғылыми қызметкері, профессор, филология ғылымдарының докторы Луиза Самситова, Атырау қаласынан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Хисмет Бозанұлы Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институты, «Жазбаша және археологиялық ескерткіштерді зерделеу» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Сайполла Моллақанағатұлы және т.б. қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысы барысында келелі ойлар мен түркі мәдениетіне қатысты жаңа зерттеулер нәтижелері баяндалып, «.....түркілер мекен қылған бір қияны мен бір қияны ұшқан құстың қанатын талдыратын Ұлы Дала-Еуразия 4 миллион шаршы шақырымнан астам аумақтан асады, түркітілдес халықтардың қай-қайсысының да геосаясатта болсын, әлемдік экономикада болсын, өзіндік орны бар, географиялық орналасулары жағынан Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті жалғастырар транзиттік маңызға ие, осындай артықшылықтар түркі әлемінің халықаралық аренадағы орнының басымдыққа ие екеніне айғақ» - деген ойлар айтылды.

Пікірлер