20-дан астам шетелдік қаза тапты. Оңтүстік Кореяда зауыт өртенді

1952
Adyrna.kz Telegram
Фото: yohapnews
Фото: yohapnews

Бүгін, 24 маусым Кореяның Сеул қаласының оңтүстігіндегі Хвасон қаласындағы литий аккумулятор зауытында өрт болған. Салдарынан 22 адам, оның ішінде 20 шетелдік азамат қаза тапты. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, бір адам із-түзсіз жоғалғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

Сағат 18:30-дағы жағдай бойынша 22 жұмысшы қаза тапқан, екеуі ауыр жарақат алды, тағы алтауы жеңіл жарақаттанған.

Қаза тапқан 20 шетелдіктің ішінде 18 Қытай азаматы, бір Лаос азаматы және тағы бір адамның азаматығы белгісіз.

"Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін Оңтүстік Кореядағы тиісті елдердің дипломатиялық өкілдіктерімен тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отыр", - деді министрлік өкілі.

Өрт Сеулден оңтүстікке қарай 45 шақырым жерде, сағат 10:30 шамасында Хвасондағы литий батареяларын шығаратын Aricell компаниясының зауытында шыққан. Өртсөндірушілер негізгі өрт сағат 15:10 шамасында бақылауға алынғаннан кейін жоғалған адамды іздеу үшін ғимараттың ішіне кірген.

Қаза болғандардың барлығы №3 зауыт ғимаратының екінші қабатынан табылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер