"Мүлдем өтірік". Динара Зәкиева зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға қатысты пікір білдірді

691
Adyrna.kz Telegram

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға қарсы петиция жарияланған. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңға қарсы онлайн петиция авторларының сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Уәкіл Динара Зәкиева өз сөзінде Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Уәкілдің сөзінше, петиция авторының негізгі идеясы — бұл заң тәрбие процесін қылмыстық жауапкершілікке тартады, балаларды тартып алудың қарапайым механизмін енгізеді және азаматтардың жеке ісіне араласу құқығына ие құрылым құрайды.

«Бұл мүлдем өтірік! Бұл заңда балаларды тартып алу туралы бірде-бір норма жоқ. Осы заң арқылы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін дамыту, адамды, оның ішінде баланы ұрып-соғуға жол бермейтін, заңдылық пен тәртіп алдыңғы қатарда болатын қоғам құру міндетін қойды», — деді Зәкиева.

Закиева заңға қарсы шыққандарды дағдарыс орталығында немесе отбасын қолдау орталығында ерікті болуға шақырды.

«Еліміздің 220 елді мекенін аралап шықтық. Әуелі бұл заңның қажет еместігін алға тартпас бұрын, авторларға да сол жолмен жүріп өтуді ұсынамын. Бәріміз де қалам тербеп, сөз саптай аламыз. Алайда соңғы нәтиже тек нақты іс-әрекет, соған жасалған қадам мен күнделікті жұмыс арқылы ғана көрінеді. Қауіпсіз қоғамда ғана дами алатын елдің амандығы туралы бәріміз айтып жүрміз. Елдің амандығы отбасының, әрбір қоғам мүшесінің, соның ішінде баланың амандығынан тұрады», - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

16 маусымда "Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заң күшіне енген еді.  Оған сәйкес, зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтілді.
Пікірлер