Алматы облысында әйелдерге жасалған зорлық жағдайлары ескерусіз қалып жатыр – Зәкиева

875
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Еңбекшіқазақ ауданында күйеуінен зорлық-зомбылық көрген ондаған әйелдің ісі «арыз жазбады» деген себеппен жабылып қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.

Зәкиева ауданда соңғы 3 ай ішінде күйеуінен ауыр соққы алған, өлім аузынан қалған әйелдердің 61 ісі тіркелгенін айтады. Оның ішінде 36 әйел ауыр дене жарақатын алғанына қарамастан, істері жабылған немесе құжаттар жойылатын тізімге жіберілген.

«Мұндай істер жәбірленушінің арызы болмаса да қаралуы тиіс. Бұл – заңда және Жоғарғы соттың қаулысында нақты жазылған», – дейді Зәкиева.

Уәкілдің айтуынша, жедел жәрдем мәліметтері арасында 19 жастағы аяғы ауыр келіншектің басы жарылып, суицидке барғаны, 14 жастағы қызды әкесінің соққыға жыққаны анықталған. Аталған істер тек уәкілдің араласуынан кейін ғана қайта қозғалған. Динара Зәкиева аудан деңгейіндегі әлеуметтік қорғау, білім беру және полиция саласының өкілдері қабылданған заң нормаларын орындамай отырғанын атап өтті. Ол бұл жағдайды дереу шешуді талап етіп, әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер