"Кішкентай қыздарға қырындаған блогер". Динара Зәкиева жағдайға қатысты пікір білдірді

1457
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның балалар құқығы жөніндегі уәкілі Динара Закиева блогер Құпынай Қалменова жариялаған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Зәкиева кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында тиісті шаралар қолға алынғанын айтты.

«Аталған жағдай бойынша мен және заңгер кеше блогермен байланысқа шықтық. Қалалық прокуратурамен бірге процестік шешім қабылдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», – деп жазды ол.

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ескерді.

«Ата-аналарды қырағы болуға шақырамын: баланың кімдермен араласатынын әрдайым бақылап, оған қауіп-қатерлер, соның ішінде әлеуметтік желілердегі қауіпті жағдайлар туралы айтып отыру қажет. Сондай-ақ, мектептерде қауіпсіздік сабақтары аясында қаралатын тақырыптарды талқылау маңызды», – деді Динара Закиева.

Еске сала кетейік, желіде оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев кәмелетке толмаған қыздарға жазып, қырындады деген дау шыққан болатын. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер