Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды

581
Adyrna.kz Telegram
Фото: ДСМ
Фото: ДСМ

Бүгін, 14 маусымда бұрынғы ҚазКСР денсаулық сақтау министрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талапқали Ізмұхамбетов қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бүгін еліміздің бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, КСРО денсаулық сақтау үздігі, медицина қызметкерлерінің көптеген ұрпақтарының тәлімгері Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов қайтыс болды", - делінген ДМС мәліметінде.

Ведосчтва мәліметінше, Талапқали Әбішұлы кәсіби қызметін хирург дәрігерден бастаған, содан кейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1987-1990 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды.

"Медициналық қоғамдастықтың, көптеген студенттердің, әріптестердің есінде ол жарқын ерекше тұлға, өз ісінің үлкен энтузиасты болып қала береді, ол ұлтты сауықтыру бойынша бірқатар ірі бастамалардың авторы болды.

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлы дәрігердің барлық жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Талапқали Әбішұлының баға жетпес еңбектері, ауқымды идеялары қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарының денсаулығы үшін қызмет ететін болады", - делінген хабарламада.

Пікірлер