Белгілі жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

1600
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы-драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабеков 83 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жеткізді.

“Қайран, Дулат ағам-ай, мынау жарық дүниеден Сіздің де кеткеніңіз бе? Осы қазір ғана Естияр Дулатұлы інішегім маған осынау алапат қайғылы хабарды жылап тұрып жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасына, ел ағаларына қаралы хабарды жеткіздім. Қазір ағамның үйіне қарай кетіп бара жатырмын… Иә, қазақ әдебиетінің классигі, жазушы-драматург Дулат Исабеков өмірден өтті. Қазақ халқына көңіл айтамын”, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дулат Исабеков 1942 жылы Түркістан облысының (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) Сайрам ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Дулат Исабеков – қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер. Оның “Гауһартас”, “Қарғын”, “Дермене”, “Әпке” сынды шығармалары халықтың жүрегінен ерекше орын алған.

Еске сала кетейік, осыған дейін марқұмның денсаулығы сыр беріп, ауырғаны туралы бейресми ақпарат желіде тараған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер