Әлеуметтік желіде Президент пен БҰҰ Бас хатшысының суретімен жарнама пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақпаратты Stopfake басылымы тексерді.
Жарнама алаяқ брокерлер иемденіп кеткен ақшаны қайтаруға болатыны туралы болған. Жарнама мәтінінде "Интерполмен ынтымақтастықтың нәтижесінде алаяқ брокерлер ұсталды" деп жазылған. Сондай-ақ, "Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бейнеленген. Жарнамада алаяқтар өтінімді толтырып, маманның қоңырауын 48 сағат күту қажет екенін жазған.
Ал шын мәнінде жарнамада қолданылған фотосурет Қазақстан Президентінің ресми сайтынан алынған. Ол 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте түсірілгені белгілі болды.