Ақмола облысының орман шаруашылығы кәсіпорындары жаңа орман патрульдік кешендерімен толықты

715
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы әкімдігі.
Фото: Ақмола облысы әкімдігі.

Ақмола облысының орман шаруашылығы кәсіпорындарына Mitsubishi базасындағы 9 жаңа орман патрульдік кешендері тапсырылды.

Әр машина кез-келген жерден еш қиындықсыз өте алады. Тіпті, арнайы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Көлік 5 адамға шақталған. Арнайы техника облыстық бюджеттен бөлінген қаржыдан сатып алынды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов орман шаруашылығы кәсіпорындарына арнайы көліктердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Аймақ басшысы өз сөзінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға қосқан үлесі орасан зор екенін атап өтті.

«Орманда ағаш өсіру - өте күрделі және жауапты шаруа. Орман қорын сақтау және қорғау – орман шаруашылығы мекемелері қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет. Біздің өңір ерекше табиғаты мен жануарлар дүниесіне бай. Осы байлықты сақтау үшін орманшылар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тәулік бойы кезекшілік жасайды. Экологиялық секторды сақтау және дамыту үшін мемлекет орман шаруашылығы ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қаражат бөледі. Орман күзеті қызметкерлерінің киімдері жаңартылды, өртке қарсы киімдер жинақтары алынды. Соңғы үш жылда бұл мақсатқа 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді Марат Ахметжанов.

Шара соңында орман шаруашылығы қызметкерлерін «Экология саласының үздігі» төсбелгілерімен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Барлығы өңірде 13 орман шаруашылығы бар. Онда 500-ге жуық мемлекеттік орман күзетшісі жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2023 жылдарға арналған Ақмола облысында еліміздің орман қорын, қалалары мен ауылдарын ауқымды абаттандыру бойынша алға қойған міндеттерін іске асыру аясында 40 миллионға жуық көшет пен 6 мың гектардан астам жапырақты ағаш көшеттері отырғызу көзделіп отыр. Биыл көктемгі уақытта 12,5 миллионға жуық көшет отырғызылды.

 

 

Пікірлер