Ақмола облысы VI қысқы Спартакиада бірінші орын алды

798
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Өскемен қаласының Б.Александров атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Қорытынды бойынша Ақмола облысы бірінші орынды жеңіп алды.

Жарыстар ақпан айынан сәуір айына дейін 13 спорт түрінен өткізілді. Қорытынды барлық спорт түрінен спортшылар жеңіп алған алтын медаль саны бойынша жасалды. Ақмола облысының қоржынында 29 медаль, оның ішінде: 16 алтын,  9 күміс және 4 қола, екінші орынды Астана қаласының спортшылары иеленді, ал Қостанай облысы үшінші орыннан көрінді.

Естеріңізге сала кетейік, Спартакиаданың салтанатты ашылуы 18 наурыз күні Щучинск қаласында болды, дәл бұл жерде ақмолалық спортшылардың ең жарқын жеңістері басталған еді.

Спартакида – бұл ел ауқымындағы кіші Олимпиада ойындары, себебі төрт жылда бір рет өтеді!

Өткен Спартакиадада Ақмола облысы 3-ші жалпыкомандалық орынға ие болған еді, ал биыл тұғырдың жоғарғы мінбесіне жайғасты!

Спартакиаданың мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларын жинақтау үшін қысқы спорт түрлерінен ең мықты деген спортшыларды анықтау және халықаралық жарыстарға, соның ішінде Италия елінің Милан және Кортина д’Ампецци қалаларында өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайындалып, қатысу болып табылады.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер