Қазақ медицинасының аңызы Төрегелді Шарманов өмірден өтті

5131
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан тағамтану академиясының президенті, белгілі диетолог Төрегелді Шарманов 95 жақа қараған шағында дүниеден өтті. Академикпен қоштасу суреті бар жазбаны ғалымның ұлы Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Асфендияров атындағы медицина университетіндегі әріптестері де академиктің қайтыс болғанын хабарлады.

«Алматы декларациясының Алғашқы медициналық-санитарлық көмегінің әкесі, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы, қазақ медицинасының мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», - делінген хабарламада.

Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижеде бітірген.

1967 жылы «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; 1968 жылы профессор; 1994 жылдан бастап Қазақстан  Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; Ресей Медицина Ғылым Академиясының академигі атақтарын алған.

Пікірлер