Депутат Дәулет Мұқаев орыс тілінде өткен халықаралық форумды сынға алды

1806
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев орыс тілінде өткен адами капиталды дамытуға арналған  “Human Capital Days” ІІІ Халықаралық форумын сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Депутаттың айтуынша форум 100% орыс тілінде өткен.

“Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақ елінде тұрамыз. Бүкіл жиындардың 95%-ы орыс тілінде өтуін мен құптамаймын. Сөз бермесеңіздер де, мен қазақ тілінде сөйлейін” дейді ол форумда.

Айта кетейік, “Human Capital Days” ІІІ Халықаралық форумы– жыл сайын Қазақстан астанасында өтетін адами капитал мен еңбек нарығын дамытуға арналған салалық шара. Форум Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Пікірлер