Жасанды интеллект камералары Алматы облысында бір аптада 20 мың заң бұзушылықты анықтады

726
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында орнатылған соңғы үлгідегі «SUNQAR» аппараттық-бағдарламалық кешендері туралы тың деректер аталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, SUNQAR камераларя машинаны анық көруге, сондай-ақ нақты уақыт режимінде деректерді талдап, заң бұзушылықтарды анықтайтын интеграцияланған жасанды интеллектке негізделген.

“Камера өз орнындағы есептеу қуатын пайдалана отырып, заң бұзушылықтарды тіркейді, содан кейін айыппұл салу туралы шешім қабылдау үшін материалдарды құзырлы органдарға автоматты түрде жібереді. Кешеннің басты ерекшеліктерінің бірі – қуатты инфрақызыл прожектордың болуы, тіпті түнде де сапалы суретке түсіруге мүмкіндік береді, деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Камералар келесі жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейді:

– жүргізуші мен алдыңғы жолаушының қауіпсіздік белдіктерінің болмауы;

– көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану;

– сыртқы жарықтандыру құрылғыларын дұрыс пайдаланбау;

– жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу;

– белгіленген жылдамдықтан асып кету;

– қиылыстардың алдында тұтас сызықты кесіп өту;

– дұрыс емес жерде тұрақ немесе тоқтау;

– тыйым салынған бағдаршам арқылы жүру;

– бөлінген жолақтарда жүру.

Жасанды интеллект камералары Алматы облысында бір аптада 20 мың заң бұзушылықты анықтады. Барлығы SUNQAR кешені жол қозғалысы ережелерін бұзудың 25 түрін автоматты түрде тіркей алады.

Мамырдың 13-і мен 19-ы аралығындағы тәртіп бұзушылық статистикасы жол қозғалысы ережелерін бұзудың айтарлықтай көп екенін көрсетеді. Бір аптада 20 мыңнан астам тәртіп бұзушылық тіркелді, бұл жалпы жүргізушілердің 19,6 пайызын құрайды. Ең жиі кездесетін бұзушылық қауіпсіздік белдіктерінің болмауы болды. SUNQAR камераларын енгізу жол қауіпсіздігін жақсартуға, жүргізуші тәртібін қалыптастыруға және облыс жолдарындағы тәртіп бұзушылық санын азайтуға бағытталған, деп қосты полиция.

Мұндай кешен қазір аса қауіпті учаскеде – Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 30-шы шақырымында орнатылған.

Пікірлер