Ресей министрінің Алматыға келетіні белгілі болды

1473
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/whatsapp-image-2024-09-03-at-10.06.35-960x500.jpeg?token=9358f9d332e11e10414aa794494cddfe
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 11 сәуірде Алматыда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысына қатысады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп. Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, жиын барысында министрлер халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, 2025 жылы ТМД аясындағы интеграциялық өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылайды. “Кездесу барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге дайындығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен шекаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылады”, – деді Захарова. Сонымен қатар, министрлер 2024 жылы ТМД аясында көпдеңгейлі консультациялар жоспары мен сыртқы саяси ведомстволар арасындағы әріптестікті жандандыру бағдарламасының орындалу нәтижелерін қорытындылайды.
Комментарии