"Солтүстікке көш" бағдарламасы. Көші-қонға бөлінген қаражат қолды болған

1002
Adyrna.kz Telegram
Фото: pavon.kz
Фото: pavon.kz

Павлодар облысында оңтүстік аймақтардан солтүстіктегі халқы аз елді мекендерге қоныстандыруға бөлінген бюджеттік қаражат ұрланған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыста халық көшіп кеткендіктен 59 елді мекен жойылғаны анықталды.

Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған. «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында бюджет қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған.

Ал жоба аясында үй сатып алу үшін бағасының 50%-ы өтеледі, бірақ берілетін қаржы 4,2 миллион теңгеден аспауы керек екендігі көрсетілген. Шығынның жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген.

Бағдарлама аясында қоныс аудару тек қағаз жүзінде ғана орындалған. Облысқа бөлінген 3 жарым млрд теңгенің 600 млн. теңгесі жымқырылғаны анықталған.

Прокуратура тексеру материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізуде.

"Тексеру жалғасуда", - делінген Павлодар облысының прокуратурасының хабарламасында.

Пікірлер