Солтүстікте үш аудан мен Петропавлды су басуы мүмкін

1536
Adyrna.kz Telegram
Фото: arasha.kz
Фото: arasha.kz

Солтүстік Қазақстан облысында үш ауданды су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Облыста жағдай күрделі.

«Облыстағы су тасқыны жағдайы өте күрделі, тұрақты мониторинг жүргізілуде. Сергеев су қоймасының толымдылығы таңғы 8:00-де 163% құрады. Есіл өзенінің жағалауында қауіп, кедергі байқалмайды, су қоймасындағы ағын 355 см құрайды, бірақ су тасқыны шегіне жеткен жоқ», - деді Қанат Дүзелбаев өткен брифингте.

Сондай-ақ, әкім орынбасары Павлодарды да су басу қаупі барын айтады.

«Болжам бойынша судың көтерілуі 4 метрге дейін жетеді. Бұл облыстың 3 ауданы мен Петропавл қаласын су басу қаупін тудырады. Су басу аймағына 845 тұрғын үй мен 5 мың саяжай кіреді. Тасқын су облыс орталығына 7-8 күнде жетеді деп күтілуде. Облыстағы 13 ауданның 8-де жағдай қиын. Қар жамылғысы 38-ден 50%-ға дейінгі деңгейде, 262 елді мекенді су басу қаупі сақталуда», - деп толықтырды әкімнің орынбасары.

Пікірлер