Той үстінде бауырсақ пісірген қалыңдықтың әрекеті желіні шулатты

864
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Әлеуметтік желіде тойда бауырсақ пісірген қалыңдықтың видеосы тарап, Қазнетті шулатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы KYN.KZ-ке сілтеп.

Кадрда қалыңдық көйлегіндегі әйел адам той үстінде бауырсақ пісірген. Көпшілік тойханадағы жағдайды көріп,  қызға аяушылық танытуда.

Тойда жас жұбайлар ата-анасына тәтті торттан дәм татырудың орнына жас келін бауырсақ пісіріп, ата-анасына ұсынған. Желі қолданушылары: "Білгендерін істеді ғой", "Ақ көйлек не болды?", "Артық кеткен сияқты", "Ұят қой", "Бауырсақты дұрыс пісірмесе, қайта апарып тастайсыңдар ма?", "Кейін де үлгереді ғой", "Ақ көйлектің мәні кетті ғой", "Май сасып жүре ме?", "Еріккендер екен", "Тойды әр қыз ханшайымдай жүруі керек. Өмірде бір-ақ рет болатын күн.", "Мейрамхана бауырсақ пісіретін жер емес қой", "Ерсі қылық", "Сәнін кетірді", "Қызға жаным ашиды" - деп жазып жатыр.

Бейне әлеуметтік желіге жарияланды. Тойдың қай өңірде және қашан өткені белгісіз.

Пікірлер