Қазақстанда дрон факультеті ашылады

1824
Adyrna.kz Telegram
Фото: focus.ua
Фото: focus.ua

Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярламақ. Мұндай келісімге еліміздің өнеркәсіп және құрылыс министрлігі делегациясының Оңтүстік Кореяға сапары барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды “Адырна” 24kz арнасы сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, делегация мүшелері 3 күн ішінде Корея үкіметі мүшелерімен, ірі компаниялардың басшыларымен келіссөздер жүргізіп, Джей және Шинхан университеттерінде болды. Онда олар дәріске қатысып, дрондарды жасау үшін инженерлерді оқыту үдерісімен танысты.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, әзірге Қазақстанда екі университетте ғана дрондар кафедралары бар. Енді Джей университетінің көмегімен тағы бір факультет ашылмақ. Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайды.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбековтің айтуынша, Джей академиясында жоғарғы сынып оқушыларынан бастап нақты өндірісте жұмыс істейтін адамдарға дейін арнайы соларға мамандырылған бағдарламалар бар.

"Соларды қолдана отырып, мамандарды даярлаймыз. Алдағы уақытта Джей университеті Қазақстанға келіп, біздің университеттерімізді аралап, техникалық университеттерімізді, олардың ішінен өздеріне әріптес тандайды. Бізге корей және түрік тараптары дрондарды өндіру технологиясы мен құзыреттілігін беруге дайын", - дейді Азамат Бейісбеков.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер