Қазақстанда инфляция деңгейі Астана мен Қарағандыда жоғары көрсеткішке жетті

176
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

2024 жылдың желтоқсанында Қазақстанда инфляция деңгейі айтарлықтай жоғарылаған. Астанада жылдық инфляция 10,7%-ды құраса, Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 9,6%-ға жеткен. Жалпы ел бойынша инфляция деңгейінің өсуі 10 өңірде байқалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

2023 жылдың соңында Қазақстанда жылдық инфляция 8,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жеделдегенін көрсетеді. Азық-түлік бағасы жылдық мәнде 5,5%-ға қымбаттады, әсіресе, Жетісу мен Түркістан облыстарында бағаның едәуір өсуі тіркелді.

Түркістан облысында азық-түлікке жатпайтын тауарлар да қымбаттап, айтарлықтай өсім байқалды. Ең төменгі инфляция Павлодар облысында тіркеліп, 5,3%-ды құрады.

2024 жылдың желтоқсанында айлық инфляция 0,9%-ға өсті. Бұл бұған дейінгі орташа мәндерден жоғары. Бағаның өсуі әсіресе азық-түлік және тұрмыстық қажетті тауарларда айқын байқалды.

Бұл туралы депутат Дәулет Мұқаев өз парақшасында жазды.

"Қымбатшылық бетімен кетіп барады. Мынау Астанадағы картоп бағасы. Ал антимонополиялық комитет жұмысы 0. Арзан деп жүрген Магнум өзінде осындай баға. Осы кезге дейін келісі 150-180 теңгеден еді. Қымбаттағаны картоп қана емес. Өспей жатқаны айлық қана...

Біздің елде онсыз да орташа жалақының 52-56% тек қана азық-түлікке кетуде. Экономикасы нашар Африка елдерімен пара-пар: Нигерия елі 59%, Мьянма (56,6%), Кения 56,1%, Бангладеш (52,7%), Лаос (50,6%) ал Ангола 49,7% жұмсайды. 105 елдің ішінде соңғы қатардамыз.

Ал АҚШ орташа айлықтың 6,7%, Сингапур халқы болса 8,4%, Британдықтар 8,7% ақшасын тамаққа жұмсайды. Соғыс болып жатқан Ресейдің өзінде 29%, ал Украинада 41,6% екен. Сонымен қатар Беларус халқы — 32,1%, Туркменстан болса 36,9%, ал өзбектер 46,5% ақшасын азық-түлікке жаратады", - деп жазды ол.

Пікірлер