Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұланның туғанына - 120 жыл

2279
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы, ғалым, өнертанушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылы, 11 мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961).

Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.

Әлкей Хақанұлы тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер (қолданбалы және сәулет өнері) және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғыл.-зерт. жұмыстар, 100-ден астам энциклопед. мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады.

Марғұланның ғылыми еңбектерiнiң бiрқатары шетел тiлдерiне аударылды. 1991 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының тарих, археология және этнология институтындағы археология орталығының негiзiнде Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысында, Баянауыл, Екiбастұз аудандарында бiрнеше көшелер, мектептер Әлкей Марғұланның есiмiмен аталады. Павлодар қаласында мүсiнi орнатылған‚ сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетiнде Марғұлан атында стипендия тағайындалып‚ музей ашылған.

100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өттi (2004). Қазақстан ғылым академиясының Уәлиханов атынд. (1967), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiмен және медальдармен марапатталған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер