Цифрлық даму министрі ант берді

744
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында ант берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін»,—деді ол.

Айта кетейік, Жаслан Мәдиев жаңа қызметке 6 мамырда тағайындалды. Бұған дейін министрлікті Бағдат Мусин басқарған еді.

Пікірлер