Өзбекстан шикізат бойынша АҚШ және Ұлыбританиямен ынтымақтастық орнатуға ниетті

1730
Adyrna.kz Telegram
Фото: uzlidep.uz
Фото: uzlidep.uz

Республика Президенті III Ташкент халықаралық инвестициялық форумында алпауыт мемлекеттерді тау-кен өнеркәсібіне тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Орталық Азия жаңалықтарына сілтеп.

Жиын 2 мамыр күні өткен болатын.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев III Ташкент халықаралық инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде Еуропалық Одақ және АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастықты, әсіресе тау-кен өнеркәсібінде кеңейту жоспарлары туралы айтты. Өзбекстан маңызды шикізат бойынша АҚШ және Ұлыбританиямен ынтымақтастық орнатуға ниетті.

Мемлекет басшысы республикада алтын, мыс, вольфрам, күміс және уран сияқты пайдалы қазбалар мен маңызды металдардың қомақты қоры бар екенін атап өтті. Оның үстіне Өзбекстанда литий, магний, молибден, германий, ванадий және индий сияқты сирек кездесетін металдардың көп мөлшері бар екені белгілі болды.

Шавкат Мирзиеев тау-кен саласындағы стратегиялық ынтымақтастық Өзбекстан мен Еуроодақ арасында бұрын да басталғанын еске салды. Болашақта Өзбекстан басшысы АҚШ және Ұлыбританиямен осындай ынтымақтастықты бастауға үміттенеді.

Мирзиёев ірі компанияларды Өзбекстанда стратегиялық шикізатты өндіру жобаларын жүзеге асыруға қатысуға шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер