Өзбекстанда әлеуметтік көмек көлемі артады

615
Adyrna.kz Telegram
Фото: uzlidep.uz
Фото: uzlidep.uz

Өзбекстанда 2025-2026 жылғы жылыту маусымында әлеуметтік қорғалуға мұқтаж отбасыларға 1 миллион сум (шамамен 40 488 теңге, 77 АҚШ доллары) көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёевтің 5 сәуірде күшіне енген жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Көмек «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай реестрі» мен «Кедейлер тізіліміне» енген отбасыларға беріледі. Сонымен қатар, жергілікті «махаллинская семерка» кеңесі анықтайтын келесі санаттағы азаматтар да көмекке ие болады.

  • асыраушысынан айырылған отбасылар;
  • I немесе II топтағы мүгедектері барлар;
  • мүгедек балаларға күтім жасайтындар;
  • ұзақ уақыт емделуді қажет ететін мүшелері бар отбасылар;
  • газ және орталық жылыту жүйесі жоқ көпқабатты үйлерде тұратындар.

Дегенмен, қосымша тізімге енгізілетін отбасылар саны негізгі реестрдегі отбасылардың 40%-ынан аспауы тиіс.

Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 мамырынан 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін әлеуметтік көмек шеңберінде электр қуаты мен газ тұтынудың базалық мөлшерінен артық пайдаланғаны үшін өтемақы да қарастырылған. Бұл өтемақы айына 150 кВт/сағатқа дейінгі артық электр энергиясын тұтыну үшін, жылыту маусымында 250 м³, қалған кезеңдерде 150 м³ артық табиғи газ тұтыну үшін төленеді.

Қазіргі таңда Өзбекстанда 746 мыңнан астам аз қамтылған отбасы тіркелген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер