Назарбаев мектебінің қаржысы тексерілді. Нәтижесі Президентке ұсынылмақ

1400
Adyrna.kz Telegram
Фото: dknews.kz
Фото: dknews.kz

Жоғарғы аудиторлық палата Назарбаев мектептерінің бюджетін тексерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Президент тапсырмасымен Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттерге аудит жүргізілді.

Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуде. Аудит барысында зияткерлік мектептің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды.

Ал 2024 жылдың 2-тоқсанында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында, республикалық бюджеттің есептілігі бөлігінде, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтайды.

Аудит қорытындысы бойынша баға белгілеуді реттеудің тиімділігіне, отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына және "СК-Фармация" ЖШС бірыңғай дистрибьютерінің сатып алу рәсімдеріне баға беріледі.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары мемлекет басшысына ұсынылады.

Пікірлер