Су шуынан соң Астанадан қуылған шенеунік Таллиндегі қызметін бастады

1017
Adyrna.kz Telegram

Алтай Көлгінов Қазақстанның Эстониядағы елшілігіндегі  ресми жұмысын бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстан Республикасының Эстониядағы елшісі Алтай Көлгінов Эстония Президенті Алар Кариске сенім грамотасын тапсырды. Әңгімелесу соңында Эстония Президенті Қазақстан Елшісін ресми қызметіне кірісуімен құттықтап, Қазақстан-Эстония қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда зор табыс тіледі», - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытты сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар етті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көлгінов Астана әкімі болғанында қаладағы су мәселесіне қатысты сынға қалып, қызметтен кеткен еді.  Көлгінов 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін, 2019-2022 жылдары Астана қаласының әкімі, 2022-2023 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Пікірлер