“Қажылыққа визасыз бару - күнә”

1015
Adyrna.kz Telegram

Қажылық сапарын орындау үшін арнайы виза қажеттігі айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми мәлімдемесіне сілтеп. 

2024 жылы 24 сәуірде Сауд Арабиясы Корольдігінің Жоғары ғұламалар комитетінің отырысында келесі пәтуа қабылданды:

«Қажылық визасын алу міндетті, сондықтан қажылық визасынсыз барған адам заңсыздыққа барады. Өйткені заңсыз келу салдарынан қажылардың саны шектен тыс көп болып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіріліп, қажылардың құқығы бұзылып, жұрттың да мүддесі аяқ асты болады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша қажылыққа тек қажылық визасымен және заңды жолмен бару – міндет. Рұқсат құжатын бұрмалауға тыйым салынады. Мүфтият қажылық визасынсыз (туристік, студенттік, жұмыс т.б.) қажылық жасау – күнә болып табылатындығы жөнінде шығарған арнайы пәтуасы бар екендігін де еске салды.

 

Пікірлер