Су тасқынынан зардап шеккен 43 мыңнан астам адам үйіне оралды

2536
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/su-tasқyny-960x500.jpeg?token=fb52d383236d5610a4230aee4d1f6edf
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 43 мыңнан астам адам үйіне оралды. Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Атырау облысы бақылауда. Жайық өзені су деңгейіне мониториң жалғастырылып жатыр. Су тасқыны жағдайының мониториңі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 70 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 202 мың қапшық төселді», — деді ол Осы сағатта республика бойынша 43 015 адам өз үйлеріне оралды. 6 338 адам эвакуациялау пункттерінде. 
评论