Home » Жаңалықтар » Абай өлеңдерін оқу эстафетасы қыза түсті 

Абай өлеңдерін оқу эстафетасы қыза түсті 

Президенттен эстафетаны қабыл алды ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде Шығыс пен Батыстың мәдениетін, өркениетін жетік білген дара тұлға Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасы басталғаны белгілі. Мемлекет басшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын. Өз кещегінде Димаш Құдайберген де эстафетаны қабыл алды.

View this post on Instagram

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым. #dears -тарға жолдаймын. #Abai175 ____________________ С большим уважением я принял эстафету прочтения стихов от Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, посвященный 175-летию великого мыслителя и поэта Абая. В свою очередь я передаю эстафету акиму Актюбинской области – Ондасыну Сейиловчу Уразалину, Народному артисту Российской Федерации Игорю Яковлевичу Крутому, и моим дорогим #dears. ____________________ With great respect I accepted the challenge from Kasym-Zhomart Tokayev, the President of the Republic of Kazakhstan, devoted to 175 anniversary of Abay, the King of Kazakh literature, to recite a piece of great poet's verses. I throw down a challenge to contribute to making the verses of Abay known to the world to the governer of the Aktobe region – Ondasyn Seiyluly Orazalin, music composer of the Russian Federation – Igor Yakovlevich Krutoy, , and to My #Dears

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафетаны қабылдап, ұлы Абайдың “Құлақтан кіріп, бойды алар” өлеңін оқыды.  Өз кезегінде ведомства басшысы эстафетаны Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке, сонымен қатар еліміздің мәдениет, өнер, спорт қайраткерлеріне және майталман жастарына жолдады.

 

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын алғашқылардың бірі болып М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов қабылдап алды.

 

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жастары Ұлы Абай әндерін орындау эстафетасын барлық ғылыми, мәдени және оқу мекемелерінің жастарына жолдайды. Осыған дейін, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафетаны қабыл алған еді.  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафетаны қабыл алды.

Эстафетаның мақсаты – қазақтың ұлы ақынының шығармаларынан үзінді оқу.  Министр эстафетаны білім және ғылым саласындағы мамандарға, мұғалімдерге, ЖОО ректорларына, сондай-ақ, оқушылар мен студенттерге жолдады.  Айта кетейік, Тоқаев осы эстафетаны Ләйлім Шырақ есімді қыздан қабыл алып, Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған еді.

View this post on Instagram

Кішкентай балдырған қызымыз – Ләйлім-Шырақ Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдадым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы Елімізді әлемге паш етеміз. Биыл отызыншы мамырда данышпан Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы Жарлыққа қол қойдым. Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз! Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын.

A post shared by QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online) on

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

ҚАРАШАЙ-БАЛҚАРЛАРДЫҢ ЭТНОС КҮНІ ӨТТІ

Тараз қаласының Достық үйінде «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігіне қарасты «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің ...