"Бұзылу қаупі жоқ". Солтүстіктегі су қоймаларының жағдайы белгілі болды

1679
Adyrna.kz Telegram
Фото: qaz-media.kz
Фото: qaz-media.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларында жағдай тұрақты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Су ресурстары және ирригация Министрлігіне сілтеп.

Министрліктің баспасөз қызметі су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатқанын, бұзылу қаупі жоқ екенін атап өтті.

Ведомство мәліметінше 10 сәуір күні Сергеев су қоймасында судың максималды деңгейі - 4 метр 25 см тіркелген.

"10 сәуірден бастап су көлемінің күнделікті 10-15 см төмендеуі байқалады. Судың максималды ағыны секундына 4870 текше метр болды. Бұл ретте су торабының өткізу мүмкіндігі секундына 11 400 текше метр екенін айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда су ағыны секундына 581 текше метр. Сергеев су торабы көп факторлы тексеруден өткен, техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Су қоймасында су тасқынының белсенді кезеңі өтті", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ал Петропавл су қоймасына қатысты:

"Осы сағатта су ағыны секундына 3 923 текше метр. Су торабының өткізу мүмкіндігі секундына 6 330 текше метр. Аталған су торабы да 2022 жылы көп факторлы тексеруден өтті", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылы екі су электр кешенінің жұмысына қатысты қауіпсіздік декларациясы берілгені айтылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер