12 қала ауылға айналуы мүмкін. Бұл не береді?

1121
Adyrna.kz Telegram
Фото: Canva.com
Фото: Canva.com

Алдағы уақытта жергілікті халықтың көптеп кетуіне байланысты Қазақстандағы кейбір қалалар ресми түрде ауылға айналуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Редакцияның сауалына Ұлттық экономика министрлігі елімізде облыстық маңызы бар 10 қала барын, тұрғындарының саны 10 мың адамға жетпейтінін хабарлады. Министрліктің баспасөз қызметі ауылға айналуы мүмкін қалалардың тізімін де ұсынды.

«Елді мекендердің мәртебесін өзгерту мәселелерін тиісті елді мекен тұрғындарының пікірін ескере отырып, аудандық өкілді және атқарушы органдардың ұсынысы бойынша облыстық өкілді және атқарушы органдар (мәслихаттар мен әкімдіктер - шамамен) қарайды», - делінген жауапта.

Ауылға айналуы мүмкін қалалардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы, Абай облысындағы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы қалалар бар. Олар:

- Шар (Абай облысы, Жарма ауданы) – 6500-дей адам;

- Степняк (Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілік орталығы) – 4 мыңнан астам адам;

- Державинск (Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, аудан орталығы) – 7 мыңға жуық адам;

- Жем (Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы) – 1 мыңнан астам адам;

- Темір (Ақтөбе облысы Темір ауданы) – 2207 адам;

- Қарқаралы (Қарағанды ​​облысы Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы) – 9 мыңнан астам адам;

- Қазалы (Қызылорда облысы, Қазалы ауданы) – 7 мыңнан астам адам;

- Форт-Шевченко (Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімшілік орталығы) – 9 мыңға жуық адам;

- Булаево (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік орталығы) – 8567 адам;

- Мамлютка (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімшілік орталығы) – 6976 адам;

- Сергеевка (Әкімшілік орталығы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы) – 8126 адам;

- Серебрянск (Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы) – 7005 адам.

Қаланы ауылға алмастыру  не бермек? 

Министрліктің баспасөз қызметінде атап өтілгендей, ауыл мәртебесі қалаға ауысса, қосымша жұмыс орындарын ашу арқылы шағын және орта бизнестің экономикалық белсенділігін кеңейтуге, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлер салу. Сонымен қатар, өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес әлеуметтік және басқа да нысандар мен қызметтердің тізбесі қайта қаралатын болады.

Ал қала мәртебесін ауылға айналдырған жағдайда тұрғындар бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысына 25 пайыздық үстемеақы алу, жеңілдетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген шағын несие алу сияқты кейбір артықшылықтарға қол жеткізеді, сондай-ақ «Дипломмен – ауылға» жобасына қатыса алады.

Айта кетсек, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров соңғы 10 жылда Қазақстанда 600-ге жуық ауылдың жойылып кеткенін айтқан болатын.

Пікірлер