Үш күнде. Белсенділер "Салтанат заңы" атты бес мыңнан астам хат жолдаған

1388
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Қазақстандықтар тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, Сенатқа #СалтанатҮшінЗаң деген 5 мыңнан астам хат жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры бұл еліміздегі халықтың жаппай қатысқан петициясы екенін мәлімдеді.

"Алғашқы үш күнде-ақ қазақстандықтар парламентке 5 мыңнан астам хат жолдады. Тағы он мың азамат заңға онлайн қолдау білдірді. Салтанат Нүкенова қайтыс болғаннан кейін 2023 жылдың қараша айында басталған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция Қазақстан тарихындағы халықтың жаппай қатысқан петициясына айналды. Қысқа мерзім ішінде ол 150 мыңнан астам қол жинаған", – делінген дүйсенбідегі хабарламада.

Бастамашыл топ зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасын кейінге қалдыру немесе қабылдамау қаупі бар екенін айтқан.

Ал хат жіберу үшін eOtinish сайтына кіріп, "өтініш беру" батырмасын басу қажет екенін түсіндірді.

"Әрі қарай жүйеден "Кодекс түрін" басып, "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті" таңдау қажет. Сосын "өтініш" батырмасын басыңыз. Өтінішті "Кодекстің түрі" бағанында берген кезде бірінші тұрған "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті" таңдауға болады. "Мемлекеттік орган" бағанында "ҚР Парламенті Сенаты" көрсету керек. Осыдан кейін сіз хатқа бірінші абзацты енгізе аласыз. "Файлдар" бағанында құрылғыға алдын ала сақталған Сенат хатын тіркеу қажет. Жеке деректерді көрсетіп, беру нысанын толық толтырғаннан кейін ЭЦҚ-мен қол қойыңыз", – делінген хабарламада.

Пікірлер