СҚО-да су деңгейі күрт көтеріліп келеді

1252
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысында су деңгейінің күрт көтерілуі шекті деңгейден жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын реттеу үшін Солтүстік Қазақстан облысына барды. Ол облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен мемлекеттік мекеме басшыларының қатысуымен өңірдегі су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді. Су тасқынының ағымдағы жағдайы туралы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерік Сарыбаев, «Қазгидромет» СҚОФ директоры Қымбат Мерғалымова, «Қазавтожол» ҰК АҚ филиалының директоры Ақылбек Қабылдин баяндады. Облыста күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасқан. Су деңгейінің критикалық деңгейден жоғары күрт көтерілуі күтілуде. Сәуірдің 5-інен бастап Сергеев су қоймасының төбесінен су тасып жатыр. Петропавл қаласының маңында алғашқы су тасулары алты күннен кейін, ал су тасқынының шарықтау шегі сәуір айының соңында болады деп күтілуде», - делінген сенбідегі хабарда.

Скляр су тасқынының қауіпті жағдайынан сақтану үшін барлық күш-жігерді жұмсау керектігін атап өтті. Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға барлық қажетті көмек көрсету бойынша кешенді шараларды қолға алу қажет. Көмектің тез арада және қағазбастылықсыз көрсетілгені маңызды.

«Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары облыс басшылығына халықты эвакуациялау пункттерін дайындауды, азық-түлік пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, су басу қаупі төнген кездегі өзін-өзі ұстау ережелері бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, қаптарды инертті материалмен толтыру, оларды бір мезгілде су басу қаупі бар жерлерде шоғырландыру, егістіктерде еріген судың жиналуын тұрақты бақылауды жүзеге асыру, ықтимал су тасқынын жою үшін күштер мен құралдардың тәулік бойы дайындығын қамтамасыз ету, Сергеевский, Чаглинский және Селетинский су қоймаларынан судың ағуын тәулік бойы бақылау тапсырылды», - делінген хабарламада.

Пікірлер