Алматы облысында 5 ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

2496
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында 2023 жылдың қараша айында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" порталы LIDER.KZ еріктілерінің инста-парақшасына сілтеп. 

1986 жылы туған Жүнісбаев Ғани Асқарұлы 2023 жылдың 18 қараша күні жоғалып кеткен. Кешке қарай Тамғалы тас жолындағы фазенда аумағынан шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

Белгілері: бойы – 165-170 сантиметр, арық денелі, қара өңді, шашы қысқа, көзі қоңыр.

Жоғалған жігіттің ағасы бұған дейін фазендада менеджер болып жұмыс істегенін айтқан. Оның айтуынша, жоғалып кеткеннен кейін шамамен бір аптадан кейін ер адамды Алматыда бірінші вокзал мен Шолохов көшесіндегі базар маңында көрген деген болжамдар айтылған.

Еріктілердің айтуынша, ер адамның денесі Іле өзенінен табылған. Мәйіт ағыс бойымен төмендеп кеткен. Ер адам суға батып кеткен деген болжам бар. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz)

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер