Ақмола облысының әкімі той күні кісі қолынан қаза тапқан жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді

1444
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 22 жастағы ер адамның өліміне қатысты пікір білдірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

sinegor.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 12 қараша күні Көкшетау қаласында болған оқиға сол аймақты ғана емес, бүкіл елді дүр сілкіндірді. Отау құрған жас жігітті дәл тойы болатын күні Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өлтіріп кеткен. Мекеме басшысы қайғылы оқиғаның 1,5 минутта болғанын айтады.

Көпшілік күзетшілердің қайда қарағанын және жағдайды неге бақыламағанына наразы.

Облыс әкімі азаматтардың қауіпсіз демалуы үшін барлық ойын-сауық мекемелеріне белгілі талаптар қойылғанын атап өтті.

"Қылмыстық іс аясында мекеме басшылығы қандай олқылықтарға жол бергені, яғни күзетшілердің қай жерде болғаны, неліктен құқық қорғау органдарына уақытында хабарламағандығы және т.б. жайттар анықталатын болады" – деді Ахметжанов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер