Шымкентте бейтаныс әйелді тепкілеп, ұрған ер адам бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды

1726
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттегі көшелердің бірінде ер адам бейтаныс әйелді себепсіз тепкілеп, бетінен жұдырықпен ұрған, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Аталмыш жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Толық мәліметті шабуыл құрбаны болған Шымкент қаласының тұрғыны айтты. Айтуынша, ағымдағы жылдың 13 ақпанында ол досының туған күніне бара жатқан. Ол гүл дүкеніне соғып, гүлдер сатып алды. Такси шақыру үшін дүкеннің сыртында тұрған.

"Артыма қарасам, темір жақтауға сүйеніп құлап бара жатқан ер адамды көрдім. Неге екені белгісіз, мен қатып тұрып қалдым, ештеңе айтпадым, байқаусызда маған тиіп кетті деп ойладым. Бірақ ол тұрып, басымнан қатты ұрды. Мен не болып жатқанын ұқпадым. Менің тіпті көзілдірігім ұшып кетті де, ол маған сондай қорқынышты көздерімен қарады», - деп жазды әйел.

Бірақ ең сорақысы, шымкенттік бір тұрғынның айтуынша, жолдан өтіп бара жатқандар көмек сұраған дауысқа мән бермеген.

«Мен өзіме келіп: «Полиция, көмектес» деп айқайлай бастадым. Мен дүкенге қарай жүгіріп, полиция шақырдым. Жанымнан адамдар, әйелдер мен ер адамдар өтті. Олардың көзінше мен жоқ сияқтымын. Қалтырағаным сонша, мен жылап жібердім, есеңгіреп қалдым. Айналамдағылар: «Оған не айттың?» деген сұрақтар қоя берді. Учаскелік полиция қызметкерлері де сол сұрақты қойды, неге екені белгісіз, тергеуші мен криминологтар да солай сұрай берді. Маған шабуыл жасаған адам да мені тауып алып, полицияның көзінше өлтіремін деп айғайлады», - деп есіне алды жәбірленуші әйел.

Кейін белгілі болғандай, оған 50 жастағы ер адам шабуыл жасаған. Бойжеткеннің айтуынша, басынан алған соққының салдарынан миы шайқалып, белі ауырып, терең психологиялық жарақат алған.

Шымкент қалалық сотында хабарланғандай, «бұзақылық жасағаны үшін» 50 жастағы ер адам қамауға алынды.

«Сотталушы О. 13 ақпан 2024 жылы сағат 18:00 шамасында Шымкент қаласы Нұрсәт тұрғын алабының №1 ғимаратының жанында орналасқан «Нұрсәт-2» дүкенінің алдында мас күйінде жәбірленушіні тепкілеген. Сотталушы О. әйелдің арқасынан себепсіз ұрып, одан кейін «бет тұсынан жұдырықпен ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, заттай дәлелдемелерімен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, және Іс бойынша жиналған басқа да деректермен дәлелденді», - деп хабарлады Шымкент соты.

Сот үкімімен ер адам бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

«Жазаны тағайындау кезінде сот мыналарды ескерді: онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық жасау, кінәсін мойындау және шын жүректен өкіну түріндегі жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болуы, сондай-ақ сотталушының 3-ші топтағы мүгедектігінің болуы, - деп хабарлады Шымкент сотынан.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер