Бас көлік прокуратурасы Алматыдағы Bek Air ұшағы апатына қатысты мәлімдеме жасады

959
Adyrna.kz Telegram

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Департамент және Бас көлік прокуратурасы Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған Fokker-100 Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы дерегі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталғанын хабарлады.

"4 мыңнан аса тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.  Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта процеске қатысушылар соталды тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

Пікірлер