“Лақпай отыр”. Арқалық тұрғындары төтенше жағдай кезіндегі әкімнің қылығына наразы

1272
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдай кезінде эвакуацияланған Арқалық тұрғындары құтқарушылардың ат үсті жұмыс мен әкімнің халықпен қарым-қатынасына наразы, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Видео әлеуметтік желіде тарады. 

"Арайлы Арқалық" парақшасында Қостанай облысы, Арқалық ауданына қарасты Қызылжұлдыз ауылының тұрғындары құтқарушылардың салғырт әрекетіне және әкімнің сөзіне қапаланғандарын айтты:

"ТЖД көлігі келді де мал құсатып бізді әкеп тастай салды. Бала-шағамыздың киіміне, халықтың жағдайына қараған жоқ. Әкелді де тастай салды. Ары қарай қайда, қалай жететініміз қызық емес. Мал құсатып тасып әкеле салды. Әкімге "су басып жатыр" деп хабарлассақ, "лақпай жайыңа отыр"  деген жауап алдық. Әкім деген халықтың адамы емес пе? Бізге басу айтып, бізбен бірге болудың орнына ешқандай субарндинация жоқ, қалай болса солай сөйлесті. Әкім солай сөйлеп отырғанда біз кімнен пана сұраймыз?" деп ашуланды тұрғындар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының азаматтары өз күштерімен жасаған су бөгенінің желге шыдамай құлап, Жангелдин ауданы, Байтұрсын ауылдарын су басып жатқанын айтып, көмек сұраған болатын. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Арайлы Арқалық (@araily_arkalyk)

 

Пікірлер