Дінтанушы: Муфтият пітір-садақадан түскен 5 млрд қаражатты топан судан зардап шеккендерге аударсын

5191
Adyrna.kz Telegram
Фото: nege.kz
Фото: nege.kz

Тәуелсіз дін зерттеушісі Тұрарбек Құсайынұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай Тағанұлына ұсыныс айтты. Ол пітір-садақадан түскен ақшаны судан зардап шеккендерге аудару керек, деді өзінің Фейсбук парақшасында.

“Құрметті Наурызбай Тағанұлы!
Рамазан айында Қазақстанда өзін мұсылман санайтын 8 миллиондай адам мүфтият белгілеген 640 теңгені мешітке пітір-садақа ретінде берсе, ҚМДБ-ға бес миллиардтан астам қаржы түседі екен.

Анығында егер бұған ауқатты һәм  қалталы мұсылмандар беретін зекетті қоссақ,онда одан зор қаражат жиналатыны анық. Сондықтан да сізден сол халықтың өз ақшасын табиғи апаттан, яғни су тасқынынан зардап шеккен халыққа жәрдем ретінде кері қайтарып беруіңізді талап етемін.

Атап айтқанда аталмыш шара соңғы кезде халық арасында беделі күрт төмендеп кеткен мүфтияттің дәрежесін көтеріп қана қоймай,сонымен қатар ислам шариғатына да лайық сауапты іс-әрекет боп табылады”, деп жазды тәуелсіз дін зерттеушісі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер