Бишімбаев Нүкенованың өліміне қатысты кінәсін мойындамады

792
Adyrna.kz Telegram

Астанада Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы басталды. Кінәлілер орындығында Қуандық Бишімбаевпен бірге оның туысы Бақытжан Байжанов да отыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Прокурор айыптау қорытындысын жариялағаннан кейін Бишімбаев өз кінәсін мойындамайтынын айтты:

"Айыптаудың мәні түсінікті. Мен кінәмді мойындамаймын. Айтайын дегенім, мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде де өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болған жоқ. Прокурордың оқығаны - жалған. Растау деректері немесе айғақ жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша (азаптау – кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға қарсы жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру – ред. ескертпесі) менің атымнан мұндай қылмыс жасалмаған», - деді Бишімбаев.

Ол сондай-ақ, азаптаудан бөлек кісі өлтірудегі кінәсін мойындамайтынын атап өтті.

«Жаңа айтқаныма сәйкес, мен ешкімді қатыгездікпен қасақана өлтірген жоқпын», - деп қорытындылады сөзін сотталушы.

Пікірлер