«Қауіпсіз ел» – қауіпсіз болашақ

671
Adyrna.kz Telegram

 Елдің болашағы оның қауіпсіздік қызметіне тығыз байланысты. Ұлттық қауіпсіздік – қоғамның және жеке тұлғаның дамуы мен өмір сүруінің үйлесімді шарттарын ұстану бойынша тиімді қызметті қамтамасыз ететін әлеуметтік институттар жағдайын сипаттайтын ғылыми және тәжірибелі мәселе брлып есептеледі

Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Айтылған қорғаныс мәселелеріне байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылы он ұлттық жобаны бекіткені белгілі. Осы тізбеге «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы да кірді. Аталған жоба бағытының бірі – «Қарулы Күштерді жаңғырту».Ұлттық жобаны іске асыру қару мен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында қару-жарақтың тәжірибелік үлгілерін шығаруды, сондай-ақ әскери объектілерді жетілдіруді қамтамасыз етеді.

       Сонымен бірге, Қарулы Күштердіақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану ауқымын кеңейту, әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелеріне жеке назар аударылуда.Бұл ретте сыни тұрғыда ойлауға және шешім қабылдауға қабілетті, қазіргі заманғы үлгідегі техникамен және қару-жарақпен жұмыс істей алатын кадрларды даярлау мәселесі де өзекті болып отыр. Осы жұмысты күшейту мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің және алыс шетелдердің ғылым-білім беру мекемелерімен байланысты кеңейту маңызды. Біз әлемдегі әскери-саяси ахуалдың өзгеруіне куә болып отырмыз. Одан әрі қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатердің бар екенін айқын көрсетеді. Қарулы Күштер үздік қазіргі заманғы әскери стандарттарға сәйкес болуға маңызды. Осы мақсатта әскери қауіпсіздік саласында нормативтік құжаттар бекітілген. Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы 2021 жылғы тамызда Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын бекіткені де белгілі.Осыған байланысты, Қазақстанда әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті стратегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірленді. Бұл 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының «Елдің қорғаныс қабілетін нығайту» бөлімі, жаңа Ел қорғанысы жоспары құжаттарының жиынтығы, жаңа 2030 жылға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасы.

        Тұжырымдаманы іске асыру тетіктерінің бірі Президент бекіткен «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы болып табылады. «Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында өңірдегі әскери-саяси ахуалдың өзгеруін, одан әрі орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттің әскери қауіпсіздігін ұйымдастыру пайымын ескере отырып, Әскери доктринаны қайта әзірлеу бойынша тапсырма берді. Елдің қорғаныс қабілеті, Қарулы Күштерді қазіргі заманғықару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру, сондай-ақ әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері Жоғарғы Бас қолбасшының басты назарында», - деп қорғаныс ведомствосының басшысы атап өткен болатын. «Тұтастай алғанда, шекара заставаларының материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтік объектілерінің жай-күйін тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты негізде жүргізеді. Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті іс-шаралар қабылдайды», - деп атап өткен болатыр Үкімет басшысы. Бұл деректерде ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері үшін қолайлы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау мақсатында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасында шекара бөлімшелерінің 50 типтік кешенін (әкімшілік ғимараттардан, тұрғын үйлерден, асханалардан, казармалардан, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау қоймаларынан, гараждардан, тұратын қазандықтар және басқалары) 2021-2025 жылдар аралығында 71 млрд теңгеден астам сомаға жобалау және салу жөніндегі іс-шаралар көзделген болатын. Соның ішіндегі «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы мәні мен маңыздылығы тұрғысынан ойып тұрып орын алады десек болады. Әсіресе, қауіпсіздік мәселесі алдыңғы қатардағы өзекті мәселе екенін естен шығармаған жөн. Оның үстіне, Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, өз халқының ұлттық мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуы тиіс.

      Жоғарыда айтқан «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы бағытының бірі – «Қарулы Күштерді жаңғырту». Нәтижесінде, асимметриялы және гибридті сын-қатерлерге тойтарыс беруге дайын болу, әскери процесті басқаруда жаңа технологияны енгізу және автоматтандыру – осының барлығы бүгінде маңызды болып отыр.Мұның сыртында Президент өткен жылы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын бекітті. Оны іске асыру мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға, әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы сын-қатерге пара-пар ден қоюға және бейбіт уақыттың міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді. Мұның барлығы келешегімізді жаңа қырынан айқындап, еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға нық қадам басуға толық кепіл бола алады.

Пікірлер