Креативті экономика- қалаларды дамытушы күш

569
Adyrna.kz Telegram

Креативті индустрия - осыдан 25 жыл бұрын Тұманды Альбион елінде  шығармашылықтың экономикалық негізі ретінде қалыптасқан. Мәдениет, БАҚ және спорт салаларында шеберлік пен талант қатар ұштасқан жұмыс орындарын ашудың тетігі ретінде қарастырылған еді.

Жалпы баршаға мәлім, «креативті индустрия» сөзі 2000 жылдардың басында қолданысқа енген болатын. Араға 4 жыл салып, 2004 жылы БҰҰ өткен конференцияда «креативті индустрия» ұғымына өнер, мәдениет, бизнес және технологияларды тоғыстырған экономика секторы деген түсінік берілді.

Бүгінде әлем елдері бұл түсінікке терең бойлап, оны дамытудың сан тарап жолдарын әлеуметтік-экономикалық деңгейлеріне сай қарастырып келеді. Бұл қатарда Қазақстанда бар. Елімізде аталмыш сектордан еселеп пайда көрудің тұжырымдамасы жасақталды. Бұл бас құжат ҚР «Мәдениет туралы» Заңымен реттеледі.   Дүниежүзінде индустрияның ең ерекше түрі, креативтен түсетін пайда 2,3 трлн доллардың маңында екен, одан асып түсуіде ғажап емес. Сарапшылар, алдағы уақытта әлемде жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы дәл осы креативті индустрияға тиесілі болады деп болжауда.

20 жылда жаһанды жаулаған креативті индустрияның келешегі кемел. Бұған ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының мына сөзі дәлел.

«Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десеңіз, креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күшке айналуда», деген еді Мемлекет басшысы .

Тоқаев, Қазақстанда бұл сала әлі дамымағанын жасырған емес. Алайда, алғашқы қадамдар жасалуда. Өйткені, елімізде дарынымен әлемді мойындатып жүрген дарабоздар бар. Мемлекет басшысы зияткерлік меншікті қорғайтын құқықтық тәсілдерді жетілдіруге көңіл бөлуде. Бөлінген көңіл қыр асса, осы саланың жалпы ішкі өнімі ел бойынша алғашқы пайыздық көрсеткішерін көзімізге көрсетіп, алдымызға қояды деген сенім басым.

 Сандарымызды айтарлықтай сайратпасақта, креативті индустриядан еліміз мақұрым емес. Әлемде 20 жыл Қазақстанда соңғы 10 жылдықтың айналасында етене енген креативті индустрия бағытындағы тың жоба - «Дом-36» арт-кеңістігі. Бұл Алматы қаласында жасалған бірегей бастама. Мұның шеңберінде дәрістер, көрмелер, фестивальдер, қайырымдылық шаралары өтеді. 2020 жылы ашылған жоба мемлекеттік қолдаудың арқаында жалғасын тауып келеді.

Негізінде, республикадағы ең ірі үш мегаполис Астана, Алматы мен Шымкент шаһары креативті индустрия шоғырланған аймақ, қалған өңірлерде нысанадан шет қалып тұрғаны жоқ.

Осы секторды бір серпілтіп, қанатын сермеуіне серпіліс беріңдер деген пәрменін Президент беріпте жатыр.  Мемлекет басшысының тапсырмасының алғашқы легі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қойын дәптеріне түртілді. Өйткені, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрлігіне креативті индустрияны дамытуды қолға алуды тапсырды.

«Алдымен экономика, содан кейін  саясат» деген ұстанымды егемендіктің алғашы 10 жылдығында ұстанғанымыз, елдегі саяси ахуалға құлақдар, қарашаның жадында жатталып қалғаны ақиқат.   Бұл тұжырым әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Оның дәлелі де осы бір- «креатив».

Президент айтпақшы, шығармашылық индустрия, креативті экономика немесе білім экономикасы – бұл, ең алдымен, идеялар мен технологиялар негізінде дамитын зияткерлік қызметпен тығыз байланысатын экономика секторы. Бұл уәкілетті орган ретінде министрлік жұмысының ең негізгі бағыты.

Жоғарыдағы жауаптылар, тапсырманы таптаурын етпейміз, креативті индустриялардың үлесін ұлғайтамыз деп емеурін танытуда. Жоспар бойынша келер жылы креативті индустрияның экономикадағы үлесі 5 пайызға, жұмыспен қамдуды 4 пайызға жеткізу көзделген.  Бұл сектордағы шағын және орта бизнестің саны артып, 1,5 есеге дейін ұлғаяды деп күтілуде.

 

Бір сөзбен айтқанда елде креативті индустрияны дамытудың алгоритмі даярланған. Онда табыстың кілті «соқырға таяқ ұстатқандай», ашық көрсетілген. 2021-2025 жылдарға арналған Үкіметпен бекітілген тұжырымдамада бұл бағытта атқаруға болатын, 43 түрлі қызмет түрлері сымға тізілген қарлығаштай жазылған. Тек, санаға сәуле жүргізіп, «өз бидайын өзіне қуырып беру» ғана жеткілікті.  Қазіргі кезде бұған дейінгі алынған нәтиже жаман емес. Біршама жұмыс орныдары ашылып, жаңадан кәсіпке бет бұрған 30 мыңнан асқан бизнес өкілдерінің айы оңынан туған.

Пікірлер