Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мызғымас болуы керек — Тоқаев

561
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында, «еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат» деген еді.  Расында, шекара шебінқорғау, ұлы елдің ұлы мұраттары жолындағы еңасыл ісі.

1991 жылдан бері етек-жеңін тірнектеп жинағанелдің бүгінгі болмысына тамсана қарайтын әлемелдері аз емес. Олардың ішінде кең байтақжерімізге көз алартып, еліміздің аумақтықтұтастығын күйрету үшін тасадан тас ататындарыбар екені жасырын емес.  Артқа шегініс жасапқарасақ, егемен ел, бейбіт күн үшін беймаза күйкешіп, сүрлеу жолдан өтті.

Тәуелсіздік үшін тегеурінді тартыс 1990 жылдыңқазан айында Декларация қабылдаудан басталды. Бас құжатта азат елге тән барлық белгілеріайшықталды. Ең бастысы, еліміздің тәуелсіздігімен аумақтық тұтастығын қорғау үшінКонституциялық заңда өзіндік әскериқұрылымдардыҚарулы Күштерді, Республикалықгвардияны, ішкі және шекара әскерлерін құруқарастырылды. Қазақстанның конституциялықдаму үдерісінің бай тарихы бар. Қазіргі уақыттамемлекеттік құрылыстың тарихи міндеттеріншешуде үлгі бола алады.

Тіпті, халақаралық саяси аренада ел ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттердің егемендіктеңдігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеукеректігін ашық айтып жүргені мәлім.

Президент,  Нью-Йоркте өткен Біріккен ҰлттарҰйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясында «мемлекеттің егеменді теңдігі, мемлекеттердіңаумақтық тұтастығы, мемлекеттердің бейбіт қатарөмір сүруі сияқты ең маңызды үш қағидаттыңарақатынасын қайта қарауымыз керек. Бұл үшқағида бір-біріне тәуелді, – деген еді.

Мемлекет басшысы айтқан үш қағида, үш таған өзорнын сақтайтын болса, мемлекеттер арасындағыынтымақтастық нығая түсері сөзсіз.

Жалпы, Қазақстан ұлттық мүдделерді қорғауды ұстанып, аумақтық тұтастықты қорғауға басымдық бергені әмбеге аян.

Сөздіміздің басында тілге тиек еткен мемлекеттікшекара- аумақтық тұтастық пен қауіпсіздіктіңнегізі.  Өйткені, Отан-шекарадан басталады.  Қазақстанның қарыштап дамуындағы бастапқынүктеде шекара шебінен басталғаны даусыз.  

Тәуелсіздікті сақтау, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету – тыныштық пен тұрақтылықтың мызғымас қорғаны. Елдігімізді айшықтайтын баға жетпес бұл құндылықтың, яғни «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның күшіне енгеніне бүгін тура 27 жыл толды. 1993 жылдың 26 ақпанында осы тарихи рәсімнің сәті түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезек күттірмес басты міндеттің бірі – көршілес елдермен өзара келісіп, шекараны бекіту еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев тиісті ведомстволарға елдің бірлігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін шекаралас мемлекеттермен ҚР мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу үдерісін бастауды тапсырды.
Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақ еліндегі шекараның жалпы ұзындығы 13394 км. Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан біздің ел бес мемлекетпен шектеседі. Бір қызығы, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара болып саналады. Ұзындығы – 7512 км. Қытай елімен арада 1700 км шекара болса, елдің оңтүстігінде Түркіменстан (426 км), Өзбекстан (2354 км), Қырғызстан (1241 км) бар.

Сырт көзге жеңіл көрінгенімен, шекараны шегендеуде екіжақты бірқатар мәмілеге қол қойылды, шекаралық маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бүгінде егемендіктің 30 жылдығын атап өтіп отырған Қазақ елі тарихи тұрғыдан өте қысқа мерзім ішінде шекарасын шын мәнінде шегендеп, ұлттық қауіпсіздігінің іргетасын бекітіп, тұрақты дамудың сара жолына түсті.

Бүгінгі күнде мемлекет басшысының шекараларды демаркациялау және делимитациялау жөніндегі нақты, жедел және жан-жақты жұмысына , әскери әрі саяси сарапшылар оң бағасын беріп, Президенттің бұл шешімін «саясаттығы ең жоғары шеберлік» деп баға берген болатын.  Бұл дегеніміз, ел аумағында, мемлекеттік деңгейде қапуіпсіздікпен тұрақтылық тегеурін тапқанының көрінісі.

Иә, ел іргесінде тыныштқ болмай, жарқын болашақ жоқ. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қауіпсіздігі туралы ойлауымыз қажет, деп үнемі айтып жүреді.

«Қазіргі халықаралық жағдайға қысқаша тоқталғым келеді. Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі жағдай өте шиеленісті болды. Мұндай қиын жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, бірінші кезекте БҰҰ-да дауыс беру кезінде бейтарап позицияны ұстанады. Бұл біздің ұлттық мүдделерімізге сәйкес келеді. Біз үшін ең маңыздысы-халқымыздың аумақтық тұтастығы мен әл-ауқаты. Сондықтан біз парасаттылық пен шыдамдылық танытуымыз керек, арандатушылармен кездесуге болмайды», – деген еді Түркістан халқымен кездесуінде ҚР Президенті.

Шынымен де, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтандай, «халқымыздың күші – бірлікте, парасаттылықта және толеранттылықта».

Сондай-ақ, Тоқаев өз сөзінде,  «Егер біз бұл құндылықтарға адал болмасақ, біздің елімізге үлкен қауіп төніп тұр. Мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мызғымас болуы керек. Бұл негізгі қағида. Мен бұл туралы әрқашан халықаралық аренада ашық және анық айттым. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының ең биік трибунасынан сөйлеген сөзімде мен бұл туралы тағы да мәлімдегенім кездейсоқ емес», – деген еді.

Сол себепті, Мемлекет басшысы үнемі елдегі қауіпсіздікті басты орынға қойып келетінін тарқатып айтқан болатын.

Пікірлер