Танымал продюсер зорлық көргендерге арнап оңалту орталығын ашып жатыр

716
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Танымал продюсер зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арнап оңалту орталығын ашып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Актриса, продюсер Баян Мақсатқызы оңалту орталығының дайын екенін айтты.

"Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды көптен бері айтып жүрмін. Орталық дайын! Жақында жұмысын бастайды. Қоғамды зорлыққа қарсылық көрсетуге жетелеу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Біз құтқаруға емес, бақытты отбасыға орталық ашуымыз керек. Орталық үлкен, жарқын, жайлы, жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын. Бізде жетекші мамандар, яғни ең жақсы психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Білмеймін, бұл мүмкін емес шығар. Бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгертуге болады. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы да бұрынғы күйеуінен зорлыққа ұшырап, денсаулығына зақым келтірген.

Пікірлер