“Нар да бір болсам, қартайдым...”

837
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін белгілі халық ақыны әрі композитор Нартай Бекежановтың туған күні, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Ол 1890 жылы 26 наурызда қазіргі Шиелі ауданында өмірге келген.

Композитор көзінің тірісінде-ақ халықтың "сүйіктісі" атанған.

Нартай ақын туралы Жамбыл Жабаев:

"О, Нартай, шешен таңдай, қасқа маңдай, Аузыңнан шыққан сөзің шекер-балдай. Айтыссаң, алдырмассың ақындарға, Жарқырап қараңғыда жанған шамдай", - деп өлең жолдарын арнаған.

1934 жылы маусымда Алматыда халық өнерпаздарының бірінші слетінде Нартай ақын «Замана бұлбұлы» атты толғауын орындап берген.

Екі жылдан соң Мәскеуде қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі болып, оған Жамбыл бастаған ақындармен қатар Нартай да қатысты. Мәскеуден көңілді оралған Нартай Шиелі төңірегіндегі ақын-жыршылар мен әнші-күйшілердің басын құрап, көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастырып, көзге түсе бастаған.

Нартай Бекежанов 1939 жылы Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер атағын алды. Сол жылы КСРО Жазушылары одағының мүшелігіне қабылданып, 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

Нартай ақын 1954 жылы 64 жасында өмірден өтті. Әрі ақын, әрі композитор, әрі орындаушы әнші бола білген жарқын тұлғаның өмірі – халыққа қызмет етудің үлгісі еді.

 

Пікірлер