Министрлік Мәскеудегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

954
Adyrna.kz Telegram

Мәскеудегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазір біз жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі Елшілік жергілікті билік органдарымен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпарат жоқ. Қосымша ақпарат қолжетімді болған кезде береміз. Қазір елшілік 8 (925) 897-71-14 сенім телефонын ашты», - деді сенбіге қараған түні ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Ресейдің Крокус Сити Холлында белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Крокус Сити Холлдағы терактіге байланысты Қазақстан азаматтары үшін сенім телефоны ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Айта кетейік, Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.

Пікірлер