"Қазақстан Ресейге көмек көрсетуге дайын". Ақорда Мәскеудегі атысты қатаң айыптады

1849
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/d4g1mihzmvepxenr7dhuqcrxvznmmgnp08wfpq6z.jpg_width1200xheightautoxtype1-960x500.jpg?token=e652bbf4de0502d99ad8f15e7d9ba0e2

Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы терроризмді мүлде  ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар  Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Комментарии