Алаштан ән оздырған қайран, Жәнібек

2563
Adyrna.kz Telegram

Биыл қазақтың халық әндерін орындаушылар мектебінің жарқын өкілі, жазушы, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтің туғанына 75 жыл толып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жәнібек Кәрменов 1949 жылы 22 наурызда қазіргі Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк өнері студиясының (қазіргі колледж) әншілік бөлімін, одан кейін Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Ол "Өнер" баспасында редактор, Алматы мемлекеттік консерваториясында халық әндері кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар жүргізді.

Жәнібек Кәрменов өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті. Өнер тақырыбына арналған «Ақылбайдың әні», «Ғашықтың тілі», «Махаббат әні» сынды бірнеше кітабы бар

1984 жылы концерттік-орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін оған Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы музыка мектебіне берілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер